Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қорғаныс ведомствосының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сот іс «құпия» белгісімен қаралғанына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді. Мұрат Бектановқа қатысты тергеу оның қаңтар оқиғасы кезінде қызметте әрекетсіздігіне байланысты 2022 жылғы 19 ақпанда басталды. Ақпанның 21-і күні оның қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарады.

Қаңтардың 5-і күні  Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде елдің бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық бергенін мәлімдеді.

— Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде көрінеу заңсыз бұйрық берген және стратегиялық объектілерді әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталуда (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды,- деді Қазақстан Республикасыныың бас прокуроры Берік Асылов.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz