«Наурыз жәрмеңкесі» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қаланың орталық көшесінде өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер, ет, жұмыртқа және макарон өнімдерін нарықтық бағадан төмен сатып ала алады. Тауарлардың құны Петропавл дүкендеріне қарағанда салыстырмалы түрде 15-20% арзан болатынын айта кеткен жөн. Жәрмеңкені өткізу уақыты сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін.
Өтетін орны: М. Жұмабаев көшесі (Интернациональная көшесінен Абай көшесіне дейін).