Ұлттық банк ақпан айында теңгенің нығаюына әсер еткен екі факторды атады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ақпан айында теңгенің нығаюына қандай жағдай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Оның айтуынша, ақпанда теңгенің нығаюы шамамен 3,2% болды.

– Біріншіден, мұндай динамика ірі салық төлемдерінің маусымдылығына байланысты күтілді, себебі, ақпанның екінші жартысы «үлкен» салық аптасы болды, –дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Ұлттық банк өкілінің сөзінше, еркін өзгермелі бағамға көшу басталғаннан бері ақпанның соңғы екі аптасы теңге үшін оң болды. Ерекшеленген жалғыз жағдай – пандемия мен геосаясаттың бұрын-соңды болмаған сыртқы күтпеген өзгерістері басым болуына байланысты болған 2020 және 2022 жылдар.

– Екіншіден, ақпан ішінде валюта нарығында позитив жеткілікті болды – ірі тоқсандық салық апталығынан басқа, біз Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің ағынын байқадық, – дейді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, валюта нарығына квазимемлекеттік компаниялардың сатылымы да қолдау көрсетті, ақпанда олардың көлемі 295 млн. АҚШ долларына тең болды.

– Бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында Ұлттық қордан сату 590 млн АҚШ долларына тең болды, бұл ретте бір сауда күні ішінде сату көлемі 30 млн. АҚШ долларынан аспады. Зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау аясында БЖЗҚ 226 млн. АҚШ долларын сатып алды, – деді Ұлттық банк өкілі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz