Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары итті мұзды судан шығарып құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «112» нөміріне Петропавл тұрғыны қоңырау шалып, Есіл өзенінде малтып жүрген итті байқаған. Төртаяқты өздігінен судан шыға алмаған екен. Сол себепті балықшы құтқарушыларды шақырды. .
– Өзеннен шыға алмай жатқан итті байқадық. Ол мұздың үстіне шығуға тырысты. Әріптесім Самат Ахметжанов шешініп, абайлап мұзды суға түсті. Құтқару кеудешесі оны бетінде ұстады. Досым Жұманов, Кәрім Байтуханов, Еділ Зікриндермен бірге арқанды ұстап, итті жағалауға шығаруға көмектесіп тұрдық, — деді Айбол Отарбаев.
Ит адамдарды көрген соң, құтқарушылар жаққа жүзе бастады. Әлсіреген және дірілдеген төртаяқтыны орамалға орап, еріктілерге тапсырдық.
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі.