Жазда өрт қауіпсіздігі шараларына ерекше көңіл бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жаздың аптап ыстығы басталып, өрт қаупі артып келеді. Құтқарушылардың айтуынша, төтенше жағдайлардың 70% — дан астамы жеке тұрғын үй секторында тіркеледі. Бүгіндері азаматтық қорғаныс офицерлері Петропавлда рейдтік шаралардың санын арттырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, бүгінде өртке қарсы тұру үшін облыста қажетті күштер мен құрал-жабдықтар жеткілікті. Жалпы өрт сөндірушілер гарнизонында 175 бірлік автотехника, оның ішінде 89 негізгі мақсаттағы, 12 арнайы мақсаттағы, 74-і қосалқы мақсаттағы көліктер бар.

— 2022 жылдың соңында республикалық бюджет қаражаты есебінен ҚР ТЖМ-ден өрт сөндіру қызметінің қарулануына «КамАЗ-43253» шассиіне АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистерналарының 4 бірлігі, «JAC S5» жеңіл жедел автокөлігі, «ГАЗ-27527″өтімділігі жоғары жедел-құтқару машинасы түсті. Бұл техниканың барлығы аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне бөлінген. Оны Ақжар, Уәлиханов, Мамлют және Жамбыл аудандары алды, — деді Рамиль Камалов.

Жергілікті атқарушы органдардың есебінен «КамАЗ» көлігіне жаңа автоцистерна, тіркемесі бар жоғары өтімді құтқару моторлы қайығы, заманауи радиостанция, пневматикалық жастықтар және апаттық-құтқару жұмыстарында пайдаланатын пиротехникалық қайшылар сатып алынды. Материалдық-техникалық базаны кеңейту биыл да жалғасады.

— Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандырудың жол картасы бойынша жергілікті бюджеттен тасымалдауға арналған тіркемесі бар гидроциклді, трансомдық тақтасы бар үрлемелі қайықты, сондай-ақ көптеген өрт-техникалық және құтқару жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Оның ішінде-30 «Auer» тыныс алу аппараты, оқу — жаттығу мұнарасы, тепловизорлар, — деді Рамиль Камалов.

Осы жылдың бірінші тоқсанында өңірде 109 өрт болды. Өртте 10 адам қаза тапты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз. Қызыл жалын келтірген залал бірден 83% — ға қысқарып, 31 млн. теңгені құрады. Өңірлік ТЖД басшысы барлық өрттердің 77% — ы тұрғын үй қорына тиесілі екенін айтады. Қаза тапқан 10 адамның 9-ы жеке секторда тұрған.

— Жергілікті атқарушы органдар, полиция және еріктілер ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жеке тұрғын үй секторы бойынша рейдтік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Нәтижелері бойынша анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жылыту пештерін жөндеуге, электр сымдарын ауыстыруға, газ және түтін датчиктерін сатып алуға және т.б. көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі ұйымдарға жіберіледі, — деді Рамиль Камалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz