СҚО-да тұрғындардан 27 заңсыз қару тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері 10 күннің ішінде облыс тұрғындарынан 27 заңсыз қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыста «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды. Акцияның негізгі мақсаты — заңсыз айналымнан тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерін анықтау. Қылмыстық полиция бөлімшелері учаскелік инспекторлармен тығыз байланыста жұмыс істеіп, Қызылжар ауданындағы Соколов кенттік полиция бөлімшесінің қызметкерлері екі ауылдың 57 және 60 жасар тұрғындарынан «ИЖ» және  «ТОЗ» аңшылық мылтықтарын тәркіледі. Екі адамның да берген түсініктемесі бір – қару әкелерінен қалған.

– Қаруды туыстарынан естелік ретінде қалдыруға болмайды. Иесі қайтыс болған жағдайда қаруды полицияға сақтауға тапсырып, кейіннен өз атына тіркелу немесе комиссиялық сату туралы шешім қабылдау қажет. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482-бабына сәйкес, ішкі істер органдарында тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – дейді криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Небәрі 10 күн ішінде СҚО полицейлерімен 27 бірлік тіркелмеген атыс қаруы, екі бірлік суық қару және 157 түрлі калибрлі патрон заңсыз айналымнан алынды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz