Балалар полицейлерге жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектесуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда балалар полицейлерге жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектесуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласы полиция басқармасы құрамындағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балалардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырды. Оларға  жол-көлік апаттарына бейжай қарамайтын 8 бен 10 жас аралығындағы белсенді балалар көмектесті. Жас петропавлдықтар «Әке мен ана, рульге отырғанда, есіңізде болсын: біз сізді үйде күтетінімізді ұмытпаңыз!» деген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулары бар плакаттарды алып, қаладағы қозғалысы көп көшелермен жүріп өтті.

Бұл  үндеу негізінен жүргізушілерге арналды. Тәжірибе көрсеткендей, олардың көпшілігі жол жүру қағидалары барлығына міндетті деп санамайды. Мысалын, жиі жасалатын ереже бұзушылықтар – қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау немесе көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу.

24-31 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Полиция қызметкерлері облыс жолдарында 2559 түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Оның 352-сі – жылдамдықты асыру, 60-ы – маневр жасау ережелерін бұзу, 34-і – бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту және 39-ы – мас күйде рөлге отыру.

«Өкінішке қарай, жол қозғалысының кейбір қатысушылары ережелерді елемейді. 28 шілдеде бейнетүсірілім өткізіліп, сол күні бейнеролик әлеуметтік желілерде пайда болды. Әкелері мен аналарын аман-сау көргісі келетін балалармен бірге біз барлық жол қозғалысы қатысушыларын ережелерді қатаң сақтауға шақырамыз. Қауіпсіздік әр адамның жеке тәртібінен басталатынын естен шығармаңыздар», – дейді Петропавл қ. ПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz