Петропавлда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясының ұйымдастыруымен «Қазақстанның әскери қауіпсіздігін оқыту үрдісіндегі әскери білім беруді дамыту» атты тақырыпта V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Конференцияға Ресей Федерациясы Ұлттық ұлан әскерлері Новосібір әскери институтының офицерлері, В. Хрулев атындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясы, Беларусь Республикасының әскери академиясы, Борис Ельцин атындағы Орал федералды университеті, Шракбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлерінің әскери институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары, сондай-ақ докторанттар, аспиранттар және магистранттар катысты. Оның аясында жиналғандар әскери білім беру жүйесінің мәселелерін талқылады, бұл әсіресе әскери қызметшілер шешетін кәсіби міндеттердің күрделенуі кезінде өзекті болып табылады және кәсіби қызметті құзыретті жүзеге асыруға қабілетті жаңа формациядағы офицерді даярлаумен байланысты.

Жиында сөз алған Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов, әскери қызметшілерді даярлау ісіне тоқталды.

– Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери мамандарды сапалы даярлауға байланысты міндеттер қойды. Осыған сүйене отырып, біз дайындық бағдарламасын толығымен өзгертеміз. Біз әскерлердің алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауы үшін жеке құраммен жауынгерлік, арнайы, командирлік даярлық бағдарламасын өңдейміз, — деп атап өтті өз сөзінде генерал-майор Бауыржан Әбжанов.

Бүгінгі таңда жоғары әскери білім беру жүйесін дамыту мәселесі мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Қазіргі кезеңде әскери маманға жоғары кәсіби талаптар қойылатыны туралы да айтылды. Конференцияда Ұлттық ұлан академиясы мен Петропавл қаласының Оқушылар сарайы арасында білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz