Петропавлда еріген қар суы 160 үйді басуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қызыл су басуы мүмкін шағын аудандардан қар шығару жұмыстары басталды. Қала билігі тізімді Төтенше жағдай департаментінің ұсынысын негізге ала отырып жасаған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл су басу қаупі жоғары көшелерден қар шығару жұмыстары 10 күнге ерте басталды. Ең алдымен Ойқала, «Береке», «Солнечный-2» және Жұмысшы кенті қардан тазартылмақ.

– Күнделікті қар шығаруға 110 арнайы техника жұмылдырылған. Соның ішінде 38 тиегіш машина бар. Полигонға күнде 11 мың текше метр қар жеткізіледі. 9 наурыздан бастап 300 мың текше метрден астам қар шығарылды. Тұрғындар да қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Техника келгенін көріп, күректерін алып шығады, аулаларын қардан тазартып жатыр, — дейді қар шығарумен айналысып жатқан ЖШС директорының орынбасары Анар Буханов.

Петропавлда 100 мың метр ашық суағар бар. Қазіргі уақытта олар қоқыстан, мұздан тазартылып жатыр. 6 бригада 20 арнайы техника жұмыс істеуде.

– Береке, Ойқала және Жұмысшы кенттерінде жұмыс істейміз. Биыл көктемнің ерте келуіне байланысты іске де жылдағыдан ерте кірістік. 20 ақпанда бригадаларымыз көшеге шықты. Содан бері демалыс жоқ. Келесі аптада жабық кәріздік жүйелерге бу және су жіберіп тазалауды бастаймыз, — дейді «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар» МКК басшысы Павел Булаев.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда көктемде су басуы мүмкін 166 үй есепке алынған. Бұл баспаналарда мыңға жуық тұрғын тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz