Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

Отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz