Облыстық пробация қызметінің есебінде тұрған өңір тұрғыны Бурабайда жасырынған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот ұрлық жасаған өңір тұрғынына бір жылға дейін бас бостандығын шектеу және қоғамдық жұмыстардың 100 сағатын өтеу жазасын тағайындады. Осы уақыт аралығында ер адам пробация қызметінің бақылауында болуы тиіс еді. Өкінішке қарай, есепке қойылған азамат тұрғылықты мекен жайында болмай шықты. Департамент қызметкерлері оны іздеп, бірнеше күннен кейін Петропавлда тапты.
– Қазіргі уақытта ер азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, іздеу кезінде ол Бурабайда тұрды. Қылмысын ұмытып, курорттық аймақта бой сергіту мақсатында барғанын алға тартуда. Жазасын өтеу кезінде сотталған адамға бас бостандығынан айыру жазасын ауыстыру мүмкіндігі туралы екі жазбаша ескерту жасалды. Осылайша, айыпталушы қаскүнем бұзушы болды. Сотталған адамның одан әрі жазасын Қызылжар аудандық соты қарайтын болады, -дейді департаменттің баспасөз қызметі.