«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК облыстық фиилалы семинар ұйымдастырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» филиалында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz сайтына сілтеме жасап.

Семинардың мақсаты – жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің автожол саласына қатысты біліктіліктерін арттыру. Шара барысында елордадан келген мамандар жол сапасын тексерудің қыр-сырын түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті.

– Жол жұмысының сапасы мен материалдарына сараптама жүргізу жергілікті атқарушы органдармен жасалған келісімшарт негізінде жүргізіледі. Кейін біздің филиалмен жоспар құрайды да жолға шығып оған сараптама жасайды. Жолдың құрылысының әрбір сатысында материалдың, жұмыстың сапасын тексереді және сол бойынша қорытынды жасайды. Сол қорытынды кейіннен тапсырыс берушілерге беріліп, олар ары қарай өздері тиісті шара қабылдайды, – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК бөлім басшысы Елдар Әбенов.

Елімізде жол сапасын тексеретін акредиттелген 17 зертхана бар. Соның біреуі Петропавлда орналасқан. Жалпы, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» мамандары былтыр республика бойынша 10 мыңнан астам инспекциялық тексеріс жүргізді. 32 мыңнан астам сынама алынып, 10 мыңға жуығында нормадан ауытқушылық анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz