Шал ақын ауданындағы Бірлік ауылында жаппай көкпар ұйымдастырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бірлік ауылында Наурыз мейрамына орай көкпардан жарыс өтті. Додаға барлығы 100-ге тарта көкпаршы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаппай көкпардан Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жетісу және Алматы облыстарының көкпаршылары қалыс қалмады. Жүлде қоры 1 млн. теңгені құрап, ойынға «өгіз өлді» деп бір тай тігілді. Жарыс барысында жалпы 20 салым жасалып, әр жеңімпазға ақшалай сыйлықтар табысталды.

whatsapp image 2023 03 17 at 15.09.27

Дүбірлі аламанды «Zha Group» компаниясының басшысы Жәнібек Есілбаев ұйымдастырды.

– Дүбірлі жарыс облыста алғаш рет өтті. «Өгіз өлді» деп қосымша екі ойын ойнатылып, Қостанай өңірінің көкпаршысы 100 мың теңгені, көкшетаулық азамат бір тайды жеңіп алды, – дейді Жәнібек Есілбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz