ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау күнінде облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс істеді. Ел үшін маңызды саяси шара кезінде өңірде бір өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өрт оқиғасы Қызылжар ауданының Знаменское ауылында орын алды. Қызыл жалын жайлы хабар «101» пультіне таңғы сағат 06:18-де түсті. Бұл жерге дереу өртсөндірушілер жіберілді.
– Знаменское ауылында тұрғын үй отқа оранып, қызыл жалын 118 шаршы метр аумақты шарпыды. Таңғы сағат 07:56-да өрт толығымен ауыздықталды. Абырой болғанда, адам өлімі және жарақат алғандар жоқ, – дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.