Петропавл жолдарын жөндеуге 5 млрд. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Петропавл көшелерінің жағдайын көрді. Бүгінгі күні облыс орталығы тас жолдарының басым бөлігіне күрделі жөндеу қажет, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Жұмысшы кентіне барып, мұндағы жол мәселесімен танысты. Бұл шағынауданда қазіргі уақытта 4 мыңға жуық адам тұрады. Өкініштісі, Панфилов, Украин, Побелянский көшелеріне шұғыл түрде күрделі жөндеу жүргізу керек. Соңғы рет ондағы жолдарға орташа жөндеу жұмыстары 4-5 жыл бұрын жүргізілді. Сондай-ақ, су ағарлар да жоқтың қасы.

– Қала әкіміне Жұмысшы кентіндегі екі негізгі магистральді көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қалғандарында орташа жөндеу жұмыстарын іске асыруға тапсырма беремін. Сонымен қатар, су ағарларды да орнату қажет, – деді СҚО әкімі.

Айдарбек Сапаров орталықтағы Интернационал, Абай, Жамбыл, Назарбаев, Пушкин көшелерін және 19-шы шағынауданындағы Болатбаев, Жуков, Қизатов, «Жас өркен» шағынауданының Потанин, Жамбыл, Труд, Порфирьев көшелерінің жағдайын да көрді. Жалпы биылғы жылы 18 көшені ретке келтіру жоспарланған.

– Орынбасарым Сәтжан Айтенұлы, қала әкімі Руслан Аңбаевқа, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына барлық 18 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге тапсырамын. Негізгі 6 магистральді көшеге жөндеу жұмыстарын іске асыру керек. Асфальт жабынын ауыстырып қалған көшелерде орташа жөндеу жұмыстарын іске асыру қажет, – деп айтты Айдарбек Сейпілұлы.

Биыл Петропавлдың 18 көшесін жөнге келтіру үшін 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz