Петропавлда жаңа кәріз желілерінің құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Руслан Аңбаев халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 2023-2024 жылдары «Солнечный-2» шағынауданында ұзындығы 2,5 километрді құрайтын кәріз желілерін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 5 көше бойынша ұзындығы 13 шақырым арық жобасы әзірленуде. Осыйлаша, Назарбаев-Шухов көшелері қиылысынан Гашек даңғылына дейін, Ломоносов, Матвеев көшелерінен Караванная көшесіне дейін, Фрунзе көшесінен Калинина, 236 мекенжайына дейін, Гастелло, Батыр Баян және Громов көшелері бойларында жаңа кәріз желілерінің құрылысы басталады.