СҚО-да көлікті тізгіндеген келіншек патрульдік полицейлерге алғысын білдірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Астана – Петропавл» тас жолының 420 шақырымында «Mazda» маркілі көлігін тізгіндеген келіншектің «темір тұлпарының» доңғалығы тесіліп, көмекке патрульдік полиция қызметкерлері келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқиға Аққайың ауданының Рублевка ауылының маңында орын алды. Келеңсіз жағдайға тап болған келіншекке осы аумақта кезекшілік еткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Руслан Қасымов пен Ержан Оңбаев көмекке келді. Бұл туралы көлікті тізгіндеген әйел әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, құқық қорғау органдарының мамандарына алғысын білдірді.

Тәртіп сақшылары ұзақ сапарларды мұқият жоспарлауды, көлікті жөндеуге қажетті құрал-саймандарды бірге алып жүруді ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz