СҚО-да заңсыз қаруды сақтаудың екі фактісі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері заңсыз қару сақтаған тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Облыста бір күнде тәртіп сақшылары тіркелмеген атыс қаруын сақтаудың екі фактісін анықтады. Тайынша ауданының 52 жастағы тұрғынының үйінен полицейлер ИЖ-54 тегіс ұңғылы аңшы мылтығын және оған екі патронды тапты. Ауыл азаматы қару-жарақты диванның астында бөлмесінде сақтаған. Ол қауіпті затты екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінің үйінен тапқанын түсіндірді.

Ал Есіл ауданында 67 жастағы жергілікті тұрғын шкафта тіркелмеген ИЖ-18М мылтығын сақтаған. Оның айтуынша, мылтықты ол өткен күзде орманнан тауып алған. Екі үлгіні де ҚР ІІМ деректер базасы бойынша полицейлер тексерді. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

– Екі факт 5 сәуірде басталған “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – қаруды қолдану арқылы қылмыс жасау қаупін азайту. Тіркелген қаруды сақтау шарттарына тексеру жүргізіледі, заңсыз сақтау фактілерін анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған кезде бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет. Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру – оны заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтылудың жалғыз жолы, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz