СҚО жолдарын жөндеуге 38 млрд. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Алдағы үш жылдың ішінде облыстағы тозығы жеткен жолдардың 95 пайызы жөнге келтіріледі. Биыл бұл салаға 38 млрд. теңге бөлініп, 650 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің айтуынша, жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың 110 шақырымы – республикалық, 480 шақырымы облыстық және аудандық маңызға ие. Ал ауылішілік жолдар 60 шақырымды құрайды. Петропавл қаласының жолдарын жөндеуге 5 млрд. теңге қарастырылған.

– Битум және инертті материалдар сатып алу үшін 2 млрд. теңге бөлінген. Бүгінге дейін қажетті 32 мың тонна битумның 13,3 мың тоннасы жеткізілген. Сәуір айында тағы 4,2 мың тонна битум әкелінеді деп жоспарланып отыр, – дейді Мақсат Баяхмет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz