Алаяқтардың жаңа қулығы: QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырулар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полиция СҚО-да «WhatsApp» желісінде тарап жатқан домофонды ауыстыру туралы хабарламаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр.

— Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру — жалған ақпарат. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларына хабарласуын сұраймыз, — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарауда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz