Облыстың Новоселовка елді мекенінде бір үйден үш адамның мүрдесі табылды. Осы үйдің төртінші тұрғыны ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД бастығының орынбасары дмитрий Растихиннің айтуынша, оқиға 6 сәуір күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка елді мекенінде орын алды.
– Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар пешті ерте жауып, улы газдан иіс тиіп мерт болған. Қайтыс болған екі әйелдің біреуі 57 жаста, екіншісі — 35-те және үй иесі ер адам 62 жаста болған, – деді Дмитрий Растихин.