Петропавлда 47 жастағы жұмысшы құрылыста қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 47 жастағы ер адам құрылыста жоғарыдан құлап кетіп, алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 5 желтоқсан күні Петропавлдағы Чкалов-Уәлиханов-Мүсірепов-Назарбаев көшелерінің бойында салынып жатқан 126 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында сағат 15.30 шамасында болған. Тас қалаушы болып жұмыс істейтін Қалел Мәденов жоғарыдан құлап, ауыр жарақат алды. Зардап шегуші емдеу мекемесінде 6 желтоқсан күні қайтыс болды. СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

– Қайтыс болған ер адам плита жабындысының үстіне түскен. «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС директоры еңбек инспекциясына қызмет көрсету шартын қоса бере отырып, жазатайым оқиға туралы хабарлама берді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 186-бабына сәйкес «қызметкерлердің еңбегіне байланысты және еңбекке жарамсыздыққа, не өлімге әкеп соққан денсаулығына зиян келтіру жағдайлары тергеледі». Қайтыс болған Мәденов пен «Құрылыс-Сервис-СК» ЖШС арасында азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасалғандықтан, бұл құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл жазатайым оқиға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде көзделген арнайы тергеуге жатпайды, — деп жауап берді мемлекеттік еңбек инспекторлары.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі материалдар тергеліп жатыр. Ер адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлігі бойынша қайта сараланды. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz