СҚО әкімі облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерімен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Этно-мәдени бірлестік өкілдерімен кездескен Айдарбек Сапаров елімізде бірлікті нығайтуда ассамблеяның маңыздылығын атап өтті.

– Ассамблея – әлем бойынша бірегей ұйымдардың бірі. Оның еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың басты кепілі ретіндегі рөлі әлдеқашаш мойындалған. Этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтауға, келісім мен бірлікті нығайтуға қосып отырған үлесі өлшеусіз, – деді Айдарбек Сейпілұлы.

dsc 9143

Этно-мәдени бірлестіктердің бастамасымен былтыр татулықты нығайтуға бағытталған 600-ден астам іс-шара өткізіліпті. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Владимир Витченко 47 аналар кеңесі құрылып, 2,5 мыңнан астам адамды қамтыған 67 іс-шара өткізілгенін айтты.

dsc 9201

Алқалы басқосудан кейін өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыстық еврей мәдени орталығының төрағасы Рашбил Евдаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісін салтанатты түрде тапсырды. Бұл марапат қайырымдылық істермен айналысып, көмек қолын созған меценаттарға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz