Петропавлда сәуірдің 10-ы мен 14-і күндері аралығында екі көпқабатты тұрғын үй ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Петропавл жылу желілері» ЖШС Театр көшесі, 47 мекенжайында сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізеді
Станцияндағы жылу тарату құралы 2008 жылы орнатылған. Осы уақытқа дейін тоқтаусыз жұмыс істеген қондырғы жаңасына ауыстырылады. Салдарынан Театр, 47 және К.Сүтішев, 15 көшелеріндегі көпбақатты үйлер уақытшы ыстық сусыз қалмақ.
Петропавл қаласы бойынша коммуналдық желілердің тозу деңгейі орта есеппен 65,4%-ды құрайды. Оның ішінде жылумен жабдықтау желілерінің тозуы — 72,2%, ЖЭО-2 жабдықтарының тозуы — 53,5%, сумен жабдықтау — 58%, су бұру — 61,7%, электр желілерінің тозуы — 81,7%.