«Дельфин» спорт мектебінің бассейіні күрделі жөндеуден өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Дельфин» олимпиадалық резервтегі балаларға мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бассейіні күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Дельфин» спорт мектебінің бассейінін жөндеу жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталып, қазан айында балалар игілігіне тапсырылуы тиіс еді. Белгісіз бір себептермен мердігер «Техноком» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанды уақытылы тапсыра алмады. Көптің қуанышына орай, жақында бассейін жөнделді.

Жөндеу жұмыстарымен «Amanat» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының мүшелері танысты.

– Бассейінді жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс еді. Кейін партиялық бақылау комиссиясы мердігермен сөйлесіп, нысанды тездетіп іске қосу қажеттігін алға тартты. Бүгіндері жүзу бассейіні дайын. Дүйсенбіден бастап, балалар күнделікті жаттығуларға келе алады, — дейді «Дельфин» спорт мектебінің директоры Бақыт Арықбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz