Петропавлдағы Горький көшесі жабылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Петропавлда Горький көшесін жөндеу жұмыстары жалғасады. Бүгіннен бастап, Партизан мен Исмаилов аралығындағы жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, ұзындығы 500 метрді құрайтын учаске 10 маусымға дейін жөнделеді. Осы уақыт ішінде мұндағы көлік қозғалысы шектеледі. Сол себепті де №16 қоғамдық көліктің жүру кестесі өзгертілді. Енді бұл автобус Ж.Жабаев көшесі бойымен қатынайды.

Горький көшесіндегі жол учаскесін қалыпқа келтіру жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл жұмыс жоспарына сәйкес, жол 15 метрге дейін кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді. Сондай-ақ жаңа аялдама павильондары қойылып, жас көшеттер отырғызылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz