346
Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Эльмира Сыздықова алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
76 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші белдесуде жерлесіміз Айпері Медетқызымен (Қырғызстан) күресіп, жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан әйелдер құрамасының алғашқы алтыны.
Сонымен қатар Марина Седнева (55 килограмм) мен Елена Шалыгина (68 килограмм) қола жүлдегер атанды.