СҚО-да «Солтүстіктің інжуі-2023» атты туристік слеті өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында «Солтүстіктің інжуі-2023» атты туристік слет өтпек. Іс-шара өңірдің туристік аймағы – Айыртау аумағында ұйымдастырылып, оған колледж студенттері қатысады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Солтүстіктің інжуі-2023» туристік слеті – облыстық кәсіпкерлер палатасының бастамасы. Имантау-Шалқар табиғи аймағын дамытуды мақсат еткен іс-шара мамыр айының ортасына жоспарланған. Слет Айыртау ауданының Лобаново елді мекенінде өтпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол жылда өткізілетін дәстүрлі іс-шараға айналуы тиіс. Мақсаты – жастар арасында бұқаралық туризмді насихаттап, дамыту. Туристерге қажет негізгі дағдыларды қалыптастырып, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, табиғатты және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

— Ұйымдастырушылар – кәсіпкерлер палатасының туризм комитеті, облыстық білім басқармасы, «Зейнеп» көпбейінді жоғары колледжі, «Альпинизм, жартасқа өрмелеу, мұзға өрмелеу және спорттық туризм федерациясы» СҚО қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ қалалық балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыс орталығының туризм бөлімі. Слетке 15 пен 20 жас аралығындағы ұл-қыздар қатысады, яғни бұл біздің облыс колледждерінің студенттері де, сырттан келген командалар да болуы мүмкін, – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Іс-шараға қатысушылар қызықты және танымдық конкурстарға, сондай-ақ тәжірибесі бар саяхатшылардың шеберлік сағаттарына қатысады.

— Жас туристерге қажетті туристік дағдылар: фотоға түсіруді, жорықта ас дайындауды меңгереді, жабдықтармен танысады, түрлі шеберлік сағаттарынан өтеді. «Qazaq Expedition Club» автосаяхатшыларының өмірі туралы айтып береміз. Болашақта олардың біреуі әлемді танып, Қазақстанды шетелдік туристер арасында танымал етер», — дейді СҚО кәсіпкерлер палатасы туризм комитетінің төрағасы Сайран Хамза.

Сондай-ақ, слет барысында жастар жұмсақ зембілді тоқуды үйренеді және «зардап шегушіні» аспалы өткел арқылы тасымалдауды меңгереді. Іс-шараға қатысушылар кешті алау басында әндерді орындаумен өткізе алады, әрине, би кеші де ұйымдастырылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz