Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов барлық он үш ауданның полиция бөлімдерінің жеке құрамымен көшпелі жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесуде заманауи полицейлерге заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша барлық негізгі талаптар айтылды. Аудандық полицейлерге құқық бұзушылыққа, басқа заң бұзушылықтарға жол берген бұрынғы полицейлерді ұстау сәттерінен бейнежазбалар көрсетілді. Бұдан бөлек, өзіндік қауіпсіздік қызметімен жүргізілетін жұмыстар кешенінің негізгі мақсаттары мен міндеттері айтылды.
Департамент бастығы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов заңдылық пен тәртіпті сақтау, полиция қатарында сыбайлас жемқорлық фактілерімен қатаң күрес, кадр саясатын жетілдіру сұрақтары қатаң бақылауға алғанын және басшылардың қарамағындағы қызметкерлері бұзушылықтар жасағаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Заманауи қазақстандық полицейлер үшін мемлекет және ІІМ басшылығы кезең-кезеңмен барлық жағдайды жасауда. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет алдында мінсіз қызмет атқаруы үшін полиция офицерлері мен сержанттары заманауи құқықтық тәртіп сақшысының стандарттарына барынша сай болуы тиіс. Облыстық полиция департаментінің бастығы өзіндік қауіпсіздік басқармасына, жеке құрам бойынша инспекцияға және бірқатар жедел бөліністерге облыс полицейлерінің тарапынан болатын құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.