СҚО әкімдігі суға ағып бара жатқан көпірге қатысты түсінік берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік желіде қалқымалы көпірдің сеңге шыдамай, ағып бара жатқан видеосы жарияланды. Осыған қатысты жергілікті әкімдік түсінік берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО тұрғындары әлеуметтік желіде Есіл өзенінде жағалаудан ажырап кеткен қалқымалы көпірдің видеосын таратып жатыр. Роликтен тұрғындардың өкінішін, бір-бірін ескертіп айқайлаған дауысын естуге болады. Оқиға куәгері аппарельдің үзіліп кеткенін айтады.

Қалқымалы көпір екі елді мекенді – Соколовка мен Большая малышканы жалғап тұр. Ол 2021 жылы жөнделіп, орнатылған еді. Екі ауылдың тұрғындары үшін көпір аса маңызды. Шаруалар көпір арқылы жол қысқартып, өз алқаптарына тез жетеді. Сондай-ақ Большая малышка елді мекеніндегі наубайхана көрші ауыл тұрғындарын нанмен қамтып, осы көпір арқылы жеткізеді. Енді тұрғындарға көпірді орнына қойғанша Петропавл арқылы қатынауға тура келмек.

Қызылжар ауданының әкімдігі осы видеоға қатысты түсінік берді. Әкімдік мамандарының айтуынша, роликтегі жазба шындыққа жанаспайды.

— 10 сәуір күні Есіл өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты аудандық әкімдік жылдағыдай «Соколовка – Большая малышка» понтон көпірін жағалаудан уақытша ажырату жұмысын атқарды. Бұл жұмыс алдын ала бекітілген жоспар бойынша жүргізілді, яғни Соколовка елді мекені жағынан іргетас блогына бекітілген аппарельдер алынып тасталды. Ал Большая малышка елді мекені жағынан автокран қолданылды. Қазіргі уақытта бұл көпір су бетінде қалқып тұр. Кейін жағаға қайта бекітілетін болады, — деді аудан әкімдігінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz