СҚО-да сәуірдің 14-і мен 15-сі күндері жауын-шашын күтілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болмақ. Өңірде қатты жел, жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінші, сәуірдің 14-і күні облыстың солтүстік-батысында – көктайғаққа ауысатын жаңбыр жауы ықтимал. Ал өңірдің солтүстік-шығыс бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрамақ. Ауа температурасы күндіз 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді.

Сәуірдің 15-сі күні облыстың оңтүстік-шығысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Түнде желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 7-12 аязға дейін төмендейді, күндіз-минус 2-7 градус.

14-15 сәуірде аймақтың солтүстік-батысында тұман болады деп болжануда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz