Петропавлда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Республикалық кезең басталмай тұрып, облыстық деңгейде өткен білім бәйгесіне 160 оқушы қатысты. Олардың 37-сі өңір намысын қорғауға мүмкіндік алған болатын.
Олимпиада 9 пән бойынша ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысы сәуірдің 21-і күні белгілі болмақ.
– Өткен жылы облыстың 24 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. 1 алтын, 4 күміс және 19 қола медальға қол жеткізді. Биыл білім бәгесіне 37 бала қатысып жатыр. Олардың 15-сі ауылдық мектептерде оқитын балалар, – дейді білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Қуаныш Белгібай.