Зейнеткер мас күйде көлік тізгіндеген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған зейнеткер қайта мас күйде рөлге отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақсатымен «SsangYong» автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкеріне көлікті басқарып келе жатқан 74 жастағы жергілікті тұрғын жақсы таныс. Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Тәртіп сақшысы қырағылық танытып, құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көлік иесі бұрынғы әрекетінен сабақ алмай, сот шешімін елемеген. Әрі одан ішімдіктің иісі аңқып тұрған. Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа масаң күйде көлік жүргізгендігін көрсетті. Аталған факті ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

– Баптың санкциясы 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді, сондай-ақ заң бұзушы өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Заңнаманың талаптарын елемеудің мұндай фактілеріне мүлдем жол берілмеуі тиіс, – дейді аудандық ПБ бастығы Әлихан Байқадамов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz