Жыл басынан бері өңір полицейлері заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылдың күзінде полицейлер есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі негізінде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
– Жыл басынан ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша 44 адам ұсталды. Төрт адам осы баптың 4-бөлігі бойынша жазаланды. Биылдың өзінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 68 қылмыс анықталды, оның 20-сы – өткізу дерегі.
Есірткі заттарын таратумен айналысқан 98 интернет-ресурс бұғатталды. Заңсыз айналымнан 22 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды, оның ішіндегі 800 грамнан астамы – синтетикалық есірткі, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.