Облыста құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері арасында өткен қазақ күресінен жарыс аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Екі күнге шақталған турнир Петропавлдағы Спорт сарайында ұйымдастырылып, боз кілемге 32 командадан 176 спортшы қатысты. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған жарыста балуандар 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен болатын.
Қазақ күресінен жарыс екі санат бойынша өтті. ІІМ спартакиадасы шеңберінде күрескен үздік спортшылардың есімдері белгілі болды. 66 кг салмақта – Ұлытау ПД қызметкері Данияр Әлепов, 74 килограмда – Жамбыл ПД өкілі Ерлан Махмұтов, 82 килограмда – Жетісу ПД-ден Қуандық Есенеев, 90 килограмда – Ақмола облысы ПД-ден Әсет Жүнісов, 100 килограмда – Жетісу ПД қызметкері Ержан Еренғайыпов және аса ауыр салмақта Ұлытау ПД өкілі Құдайберген Тілеубаев жеңімпаз атанды.
«Динамо» ДШСҚ ведомствоаралық спартакиадасы аясында белдескендердің қатарында жеңіске жеткен спортшылар да бар. Олар 66 килограмм салмақта – ҰҰ әскери қызметшісі Ержан Еренғайыпов, 74 килограмда – ІІМ қызметкері Батырхан Қайырбек алтыннан алқа тағынды. 82 килограмда – ҰҰ қызметшісі Мәди Амангелді, 90 килограмда – ҰҰ әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев, 100 килогамда – ҚР ТЖМ қызметкері Қанат Өмірзақ және аса ауыр салмақ дәрежесінде ІІМ қызмткері Олжас Шынкеев чемпион атанды.