Облыста 2025 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 381 млрд. теңге құйылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға 29 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде өңірде тың өндіріс ошақтары іске қосылып, жаңа жұмыс орындар ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Былтыр облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында өнеркәсіп саласында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Петропавлда вагон-термостарды шығару бастамасы қолға алынып, 131 данасы құрастырылды. Құйылған қаражат көлемі 7,8 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ қағаз өнімдерін әзірлеу фабрикасы ашылып, жеке кәсіпкер 2,5 млрд. теңге инвестиция құйды. Өндіріс ошағының жылдық қуаты 5 мың тонна болмақ. Бүгіндері бұл кәсіпорында 80 адам еңбек етуде.

Облыстың құрылыс саласында автолкавты газоблоктар өндірісі қолға алынды. Құйылған инвестиция 1,5 млрд. теңгені құрады. Кәсіпорынның ашылуымен 60 жаңа жұмыс орны пайда болды.

Биыл өңірде «Сапа Инвест Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бөлшектік ағаш тақтайларын шығару ісін қолға алмақ. Екі корпустан тұратын өндіріс ошағының құрылысы үстіміздегі жылдың 4-ші тоқсанында аяқталады. Сондай-ақ Петропавлда «Масло-Дел» ЖШС май-экстракциялық зауытты салуда. Облыс орталығында «KIA» және «Aster» автосалондары ашылады.

Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын 2025 жылға дейін іске асыруға 381 млрд. теңге инвестиция бағытталмақшы. Оның 29 млрд. теңгесі өткен жылы игерілгенін атап өткен жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz