Петропавлда бағдарламау бойынша олимпиада өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде бағдарламалау бойынша «NisCodeOlympiad» қалалық олимпиадасы өтті. Оған облыс орталығының 13 мектебінен 110 оқушы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығында бағдарламалау бойынша олимпиада алғаш рет ұйымдастырылды. Білім бәйгесінің бірінші кезеңінде 7-12 сынып оқушылары қашықтан қатысты. Оның қорытындысы бойынша екінші кезеңге 110 жасөспірімнен 50-і жолдама алды.

– Аталған сайысты білім бөлімімен бірге алғаш рет өткізіп отырмыз. Алдағы уақытта бұл олимапиаданы облыстық деңгейде ұйымдастырғымыз келеді. Басты мақсатымыз – балаларды бағдарламалауға қызықтыру, үйрету. Өйткені бүгінде бағдарламалау қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі, – дейді информатика пәнінің мұғалімі Әділбек Исмагулов.

Бағдарламалау олимпиадасының қорытындысы бойынша 7-9 сынып оқушыларының арасында бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейден Никита Воронин 1-орынды иеленді. 2-орынға №23 орта мектептің оқушысы Темірлан Айтжанов және №7 орта мектептің оқушысы Никита Подглазов тұрақтады. 3-орын №7 орта мектептен келген Иван Ефремов, бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейдің тәрбиеленушісі Кирилл Маляуцкий және Петропавл NIS оқушысы Алдияр Уалиевқа берілді.

Жоғары сынып оқушыларының арасында бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейдің оқушысы Данила Аксенов жеңіске жетті. 2-орын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 9 орта мектебінің оқушысы Игорь Копытинге, NIS шәкірттері Дәурен Қонтаев және Нұрсұлтан Қарбаевқа берілді. Үшінші орын NIS оқушылары Диас Каршалу мен Ерасыл Ибраевқа бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz