Психодиспансерден қашып кеткен ер адам табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері психодиспансерден қашып кеткен азаматты тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

21 сәуірде Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы адамның қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тәртіп сақшылары іздестіру шараларына кірісті. Оларға еріктілер мен белсенділер қосылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жерін Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Сағидула анықтады. Психодиспансерден қашып кеткен науқастың Ақмола облысының Мариновка ауылында екендігі анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz