Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шал ақын және Тимирязев аудандарында болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Айдарбек Сапаров Шал ақын ауданына жұмыс сапары барысында  республикалық маңызы бар «Петропавл-Жезқазған» бағытындағы жолдың  орташа жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Городецкий ауылдық округінде  орналасқан Мерген ауылындағы «Жастар» спорт залына барды. Ғимарат «Гермес Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  қаражатына тұрғызылып, спорт жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген. Елді мекендегі көшелер асфальтталған. Баспана салу ісі қызу қарқын алыпты.  Мергенде астық тазарту-кептіру кешені, қонақ үй, шағын базар, наубайхана, асхана, тұшпара цехы жұмыс істейді.  Алдағы уақытта медициналық пункт, 600 бас ірі қараға арналған сүт фермасы, құрамажем цехы, тәулігіне 40 тонна бидай үгетін диірмен бой көтермек.

Облыс әкімі жаңа астық кептіру кешені жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді Жұмысшылар жалақы мен пай үлестері  уақытылы төленетінін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді. Су құбыры желілері мен құрылыстарын салуға 970 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жалтыр ауылына кіреберіс жолды  жөндеуге 393 миллион теңге қарастырылған. Өңір басшысы елді мекендерді дамытуға қатысты  жобаларды іске асырудың маңыздылығын, еңбек адамдарына тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында  аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері  Сергеевка қаласында орталық қазандық салу, автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін көтерді.

— Жобалық-сметалық құжаттар рәсімделгеннен кейін қазандық құрылысын жоспарлаймыз. Автомобиль жолдарын жөндеуге қаражат бөлу мәселесі де оң шешілетін болады, — деді Айдарбек  Сейпілұлы.

Өңір басшысы Тимирязев ауданындағы Степное елді мекенінде болып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Олардың жолдардың нашар жағдайына, фельдшерлік-акушерлік пункттің жоқтығына қатысты  айтылған шағымдарын тиісті басқармаларға бақылауға алуды тапсырды. «Атамекен-Агро» серіктестігі   көшелерге қиыршық тастар төсейтін болды. Келесі жылы көшелердің бірі асфальтталады. Денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың Ұлттық жобасы шеңберінде 2024 жылы ФАП  салынады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz