Кәсіпорын қызметінде 10 жемқорлық тәуекелі анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалық етуімен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Күн тәртібінде «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талқыланды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтің мәліметі бойынша  кәсіпорын қызметінде 10 жемқорлық тәуекелі анықталып, орын алған бұзушылықтарды  жою үшін 18 ұсыным әзірленген.

— Орынсыз жоспарлаудың салдарынан облыс орталығының көшелерін, жертөлелерді және шағынаудандарды  судың басуы жиі кездеседі. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілерді салу жобаларын әзірлеу кезінде құрылыс салушылар су ағындарын есепке ала бермейді. Сондай-ақ қолданыстағы кәріз желілеріне техникалық құжаттамалардың жоқтығы салдарынан  инженерлік есептеулер жүргізуге мүмкіндік аз, – деді Айдос  Жүнісов.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сәулет-жоспарлау тапсырмасын келісу рәсімін толықтыруды, атап айтқанда, нысанның су, электр, жылу желілеріне, газ және сумен жабдықтауға тең дәрежеде қосылуын ескеруді ұсынды.

Мониторингтік талдау барысында жол жөндеу барысында ағыс бұрмаларына инженерлік есептеулердің жүргізілмейтіндігі анықталған. Нәтижесінде асфальт тесіліп,   ақаулар пайда болған.

Қалалық әкімдікке аталған кемшіліктерді  шешу және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру ұсынымдары беріліп,  шешімнің  орындалуын жеке бақылауға алу тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz