Соколов орман шаруашылығының жоспарында – 400 га жерге ағаш отырғызу

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Осыдан бірнеше жыл бұрын Соколов ауылының маңындағы 2 гектар орман алқабы отқа оранған еді. Енді сол алқапқа қайың көшеттері егіліп, қайтадан қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Соколов орман шаруашылығы қазметкерлерінің биылғы жоспары – 400 гектарға ағаш отырғызу. Ал соңғы екі  жылдың ішінде 11 миллионға жуық көшет егіліпті.

– Облысымызда 12 орман шаруашылығында 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Былтыр жергілікті бюджеттен шаруашылықтарға техника алуға 214 млн. теңге бөлінді. Отырғызылып жатқан көшеттер 120 жылға дейін жайқалып өсіп  тұрады. Жалпы 2021 жылы 850 гектар ағаш егілсе, алдағы уақытта одан 8 есеге көп отырғызу жоспарланып отыр. Биыл 4100 гектар алқапқа 21 млн. түп ағаш егіледі, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Василий Лабанчук.

Жалпы өңірімізде 2025 жылға дейін 20 мың гектар жерге 100 миллион түп ағаш отырғызылмақ. Олардың дені – қайың.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz