338
Дархан Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Тиісті өкімге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 мамыр күні қол қойды.
— Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ғалымтайұлы Құрақбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Ақорданың ресми сайты таратқан хабарламада.