СҚО-ның елді мекендері таза ауыз сумен толыққанды қамтылмай отыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ауыз сумен қамтуға жұмсалатын қаражат әуелі көрсеткіштері төмен өңірлерге бағытталады. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауыз суға қолжетімділік қалаларда 98,4% және ауылдарда 94,5% болды. 9 өңірдің (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ұлытау) қала тұрғындары ауыз сумен 100% қамтылған. Қалаларда ауыз сумен қамтудың ең төмен көресеткіші Жамбыл облысында – 91,9%, — деді министр.

Ал, ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамту көрсеткіші Қостанай облысында – 80,4%, Ақмола облысында – 89,8% және Солтүстік Қазақстан облысында – 85% болып тұр.

— Қамту көрсеткіштері төмен өңірлерге қаражат басым негізде бөлінеді, бұл өз кезегінде артта қалған өңірлердің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, — деді Марат Қарабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz