Облыстың кез келген тұрғыны ағаш отырғыза алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың әр тұрғыны ағаш отырғызу акциясына қатыса алады. Орман шаруашылықтары арнайы учаске бөліп, көшет және қажетті құралдармен қамтымақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 2014 жылдан бастап «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» айлық форматында өткізіліп келеді. Бұл өлке табиғатын қорғап, сақтауға жеке үлес қосқысы келетін адамдарды біріктіретін жақсы дәстүрге айналған.

— Бұл пайдалы іске кез келген адам қатыса алады. Экологиялық акциялардың өткізілетін күні мен орны туралы әлеуметтік желілерде жарияланады. Ағаш отырғызу акциясын өткізу үшін ауа райы ескеріледі. Облыстың мемлекеттік орман шаруашылықтары учаскелерді бөледі, жерді дайындайды, көшеттермен, құрал-саймандармен қамтамасыз етеді. Еріктілерге ағашты қалай дұрыс отырғызу керектігі туралы нұсқаулық беріледі, — дейді басқарманың бөлім маманы Сәуле Сүлейменова.

Осындай іс-шара Қызылжар орман шаруашылығының Куйбышев орманшылығының аумағында өтті. Еріктілер 1 гектар аумаққа 6 мың дана қарағай екті. Акцияға 60-тан астам адам қатысты, олар: СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, СҚО бойынша экология департаментінің, «Центр кредит» Банкінің, «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ мамандары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz