Ағаштарды заңсыз кескендерге қылмыстық іс қозғалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста полицейлер мен табиғатты қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мобильдік топтар «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мобильдік топтар қылқанжапырақты ағаштар өсетін жерлерді ғана емес, базарлар мен сауда орындарын да бақылауға алған.

— Бір қылқанжапырақты ағашты заңсыз кесу салдарынан мемлекетке шамамен 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шығын келеді. Бұл — 53 100 теңге. Заңсыз ағаш кескендерге әкімшілік жаза бар. Егер келтірілген шығын 100 АЕК-тен асса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. СҚО-да 11 ай ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, зақымдау фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды, — дейді тәртіп сақшылары.

«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айының ортасында басталды. Бір апта ішінде мамандар заң бұзудың 15 дерегін анықтады. Оның барлығы қарағай-шыршаны сатуға қатысты. Сатушыларда тауарға ілеспе құжаттары — фитосанитариялық сертификат және басқалары болмаған. Кей жағдайларда шырша жол жиектерінде, сауда жүргізуге болмайтын орындарда саудаланған немесе сауда алаңын жалдау шарты болмаған.

«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz