Мамыр айындағы мерекелер қарсаңында облыстық және қалалық полиция ведомстволарының жас қызметкерлеріне ерлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесу кезекті арнайы атақтарды табыстаудан басталды. Таяуда қызметке кіріскен мамандар СҚО ПД мұражайының қабырғасында полиция лейтенанттары мен аға лейтенанттарының погондарын алды. Музей меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, ерлік сабағы үшін қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицей батырлар мен ІІО қызметкерлеріне арналған стендтер жабдықталған. Жас полицейлер алдында адамдарды құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған полиция қызметкерлері Мейірбек Мейрам мен Қанат Фазылов сөз сөйледі.