Қала тұрғыны есірткіні жұмысындағы автокөлікпен тасымалдаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
34 жастағы петропавлдық есірткіні таратқаны үшін биылғы жылдың сәуір айында ұсталды. Ол синтетикалық есірткінің партияларын қабылдап алып, алдын ала жоспарланған орындарға жасырып отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тыйым салынған заттарды тасымалдау үшін өзі жұмыс істейтін кәсіпорынның автокөлігін пайдаланған. Ер адам 9 және 11 сәуір күндері жоғарыда отырған “кураторларымен” жазыса отырып, α-PvP есірткісі салынған екі үлкен пакетті іздеп тапты.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оны Петропавлдың шетінде орналасқан Мещан орманында ұстады. Ұсталған ер адамнан жалпы салмағы 22,91 грамм болатын психотроптық заттар салынған 51 түйіншек тәркіленіп алынды. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

— Тергеу барысында ұсталған ер адамның өткен жылдың желтоқсан айында есірткі таратумен айналыса бастағаны белгілі болды. Әдетте есірткі дилерінің жұмысы көпке созылмайды. Қазіргі уақытта қала тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды, соттың үкіміне сәйкес шығарылған 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр, — деп хабарлады полиция департаменті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz