Жүзуден өткен ел біріншілігінде облыс спортшылары жүлделі оралды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Астанада жүзуден жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Жарыста өңір намысын солтүстікқазақстандық спортшылар да қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ел чемпионатына 26 командадан 400-ге жуық бозбала мен бойжеткен қатысты. 2007-2008 жылдары туған спортшылар түрлі қашықтықта бақтарын сынады. Өңіріміздің намысын 10 солтүстікқазақстандық қорғады.

«Делфин» балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шәкірттері жүлдегерлер қатарынан көріне алды. Қыздарымыз оза шауып, еркін стильде 50 және 100 метрде Яна Лукьянчикова Қазақстан чемпионы атанды. Ал баттерфляй стилінде 100 метрлік қашықтықта Милана Рогожникова күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ бұрымдылардан жасақталған қызылжарлық төрттік еркін стильде жеңіс тұғырына көтерілді.

Өкінішке қарай, ер балалар жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Дегенмен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz