«Мен кәсіпкер» жобасы қолға алынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдаудың жаңа тетігі – «Мен кәсіпкер»  жобасын қолға алды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында  палата қызметкерлері шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Мен кәсіпкер»  жобасы – қаржылық емес қолдау тетігі. Жаңа құрал кәсіпкерлікті дамытудың  2021-2025 жылдарына арналған Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылмақ. Қолдау үш бағытта жүргізіледі. Облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әсел Самаратовның айтуынша, «Кәсіпке бағыт»  кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттілікті үйретіп,  салалық кәсіптерді оқытады.  Екінші бағыт – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы. Бұл – кәсіпкер әйелдерді, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді қаржылай емес қолдау алаңы. Үшінші бағыт –  «Бір ауыл – бір өнім» жобасы. Оның мақсаты жергілікті өнімнің сапасын арттыру, брендтер құру, маркетингті жетілдіру,  нарықтағы құндылықты арттыру болып табылады.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы арқылы әйелдер жеті қызмет түрін пайдалана алады. Оның ішінде кәсіп пен бизнеске, дәстүрлі қолөнер түрлеріне бейімдеу оқытулары, тәлімгерлік сүйемелдеу, бизнеске қаржы тарту тетіктері мен халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндіктеріне ие болу, бизнес-шолуға тапсырыс беру, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушысы бола алады.

–Біздің қызметімізге бейіндік оқыту бойынша әйелдер көп жүгінеді. Бүгінде қызметтің бұл түріне 114 өтінім келіп түсті. Тәлімгердің сүйемелдеуі немесе жетекшілік қызметін  бизнесі бар, кәсіпкер ретінде кем дегенде екі жыл жұмыс істейтін әйелдер пайдалана алады. Ондайлардан 20 өтінім түсіп 8-і іріктеліп алынды, – дейді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджері Ирина Васильева.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес шаралары бойынша жылдың басынан бері 207 кәсіпкерге 212,  ал 611 адамға ақпараттық-сараптамалық мәндегі 3191 қызмет көрсеткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz