19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Өңірде желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетпек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Облыстың оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп болжануда. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың көп бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың оңтүстігінде, батысында соққан желдің екпіні — 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі.
Петропавлда шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.